Тұман сөзі

ТҰМА

Жақын жолдар

0
0

Бөлісу:



Түнгі салқын дала,
Жұлдыздар жоқ, Ай да,
Түстім мен де енді
Тұман құрған торға.
Білмеді жел қайта,
Барар жерін қайда,
Солай орын берді
Төмен түскен бұлтқа

Таңмен сейілер,
Көзге көрінер,
Күмәнға толы
Түн жамылған жер.
Асықпай бекер
Белгі көрсетер
Сеніммен алға
Жүргендер жетер.

Түнгі салқын дала,
Жұлдыздар жоқ, Ай да,
Өтті күндер қанша
Тұман құрған торда...
Қалмаймын мен мұнда,
Бұрылмаймын артқа,
Іздеп сені қайта
Шықтым иір жолға...

Таңмен сейілер,
Көзге көрінер,
Күмәнға толы
Түн жамылған жер.
Асықпай бекер
Белгі көрсетер
Сеніммен алға
Жүргендер жетер.

Сөзі: Мағжан Алдаберген
Әні: Мағжан Алдаберген
ТҰМА, ТУМА, Тұман, Туман mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

канат

21 Мамыр 2016

виктор цой

Admin

Сөзін түзеткен

30.04.2016
Қолданушылар