Қарындасым-ай сөзі

Төреғали Төреәлі

Қарындасым-ай

6
0

Бөлісу:



Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Әдемісің күннен де – шашылған арай!
Сабыр етіп тұрамын қасыңда қалай?
Жүрек кілтін әніммен табайын десем,
Қарындасым, қабағың ашылмаған-ай?!

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Мына бес күн жалғанда: – сен, деп өтем-ай.
Сен қаласаң інімді жеңгелетем-ай.
Келмесе де алдыңа күткен адамың,
Ол түсірген көңілді мен көтерем-ай!

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?

Таппай жүрсең жаныңа жанашыр адам,
Ұртым толы жыртылмас жағасы болам
Бір қуанып қалайын үміт оятып,
Күлмесең де, жымиып қарашы маған.

Қ-сы: Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
Қабағыңнан айналдым, қарындасым-ай.
Әлде күткен біреуді сағынасың ба-ай?
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Қарындасым-ай, Карындасым-ай mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Galymzhan Seidekov

02 Тамыз 2018

Alga-Alga

GM

Сөзін қосқан

02.02.2016