Бөлісу:


Сөзі



Сені құлай сүйгеніме ешкім сенбейді
Талай жанмен таластырдың ай
Сен бар жерден алысқа кеткім келмейді
Ақылымнан адастырдың ай
Менің жаным білмеймін әдемі ма екен
Қызғаныш па қызбалық па екен
Сені қатты сүйгенімнің дәлелі ма екен
Досымнан да қызғанып кетем

қайырмасы:
Қызғанамын қызғанамын
Өзге түгіл өзімнен жаным
Қызғанамын қызғанамын
Өзің түгіл көзіңнен жаным
Қызғанамын қызғанамын
Сендегі әсем сезім тәтті
Қызғанамын қызғанамын
Өзге түгіл өзімнен қатты

Менен кетпе алысқа қаш маралым
Сұлу дала сенімен ғана
Шырқаса егер табиғат ғашықтар әнің
Берер жанын менімен ғана
Елең емес ешкімді ескермеуші едім
Баурап алдын қылығынмен
Ешбір жанға оп-оңай дес бермеуші едім
Байлап алдың бұрымынмен

қайырмасы:
Қызғанамын қызғанамын
Өзге түгіл өзімнен жаным
Қызғанамын қызғанамын
Өзің түгіл көзіңнен жаным
Қызғанамын қызғанамын
Сендегі әсем сезім тәтті
Қызғанамын қызғанамын
Өзге түгіл өзімнен қатты



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Төреғали Төреәлі ft. Бағлан Әбдрайымов
Қызғанамын