Егіз лебіз сөзі

Толқын Забирова

Егіз лебіз

3
0

Бөлісу:



Көгiмдегi айым дейін сені
Көкшедегі қайың дейін сені
Көзден ұшып жарықта жүрсең
Шамшырағым, күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жумаққа кірсем
 
Келші бағыма
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
 
Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қоныстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге
 
Келші бағыма
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
 
Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным
 
Келші бағыма
Әлдеқайда ұшпай, келші жаным
Қоншы қолыма арман аппақ
Құстай, қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші жаныма, кел
Толқын Забирова, Толкын Забирова, Егіз лебіз, Егиз лебиз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

18.03.2017
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Толқын Забирова
Егіз лебіз