Өсіп келе жатырмын сөзі

Төлеген Айбергенов

0
0

Бөлісу:


Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым,
Моншақтатып маңдайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем.
Таласып күнмен мен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын!
Төлеген Айбергенов, Толеген Айбергенов, Өсіп келе жатырмын, Осип келе жатырмын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016