Балалық шақ сөзі

Тоқтар Серіков

2018

15
1

Бөлісу:



Ол кездері тұнық еді таңым
Тау суындай мөлдір еді жаным
Ақ таяқпен шапқылаушы-ек шіркін
Қара жолдың бұрқыратып шаңын

Қайырмасы:
Сол кешегі бала күнім қайда
Ойнақтаған ұқсап құлын, тайға
Шыныменен шырын шақтар сол бір
Енді ешқашан қайтып оралмай ма

Жағасында біз жарысқан жылға
Асыр салып асық атқан қырда
Алыстады ертеңіміз жайлап
Ертегіміз айналды да шынға

Қайырмасы:
Сол кешегі бала күнім қайда
Ойнақтаған ұқсап құлын, тайға
Шыныменен шырын шақтар сол бір
Енді ешқашан қайтып оралмай ма
Тоқтар Серіков, Токтар Сериков, Балалық шақ, Балалык шак mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

03.01.2019
Қолданушылар