Алақаннан ұшқан аққуым сөзі

Тоқтар Серіков

2016

3
0

Бөлісу:



Алақаннан ұшқан аққуым
Барасың ұшып шалғайға
Қанатың қалқам талмайма
Жаныңа медет болғайда
Жазылған тағдыр маңдайға
Желкілдеп өскен құрағым
Еркінде өскен шырағым
Әкеңнің барма арманы
Табылса теңің сыңарың
Қарлыгаш қанат қарағым
Қайырлы болса қадамың
Өзіңсің енді елшісі
Кең жайлау екі араның

Алақаннан ұшқан ақ құсым
Осы үйге сенде бақ құсың
Алыстап бара жатқаның
Арқама менің батты шын
Жақында шаттық болама
Жаманға көңілім толама ай
Жұбыңмен келіп тұрғайсың
Жалғыздан жалғыз оралма

Қимайды туыс ұяны
Жапаның жатқа қияма
Ақ Орда алтын бесігің
Келіп жүр ұшқан ұяңа
Қош аман қызым қош аман
Көңілімді қайтем босаған
Алдыңнан ашсын бағыңды ей
Аттаған жаңа босағаң



Тоқтар Серіков, Токтар Сериков, Алақаннан ұшқан аққуым, Алаканнан ушкан аккуым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Арай

Сөзін түзеткен

23.03.2019
Қолданушылар