Көршінің қызы (жаңа нұсқа) сөзі

Тоқтар Серіков

Көршінің қызы (жаңа нұсқа)

3
0

Бөлісу:



Ғашықтар халқы ұлылық күтті
Орындалмасын кім білген
Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті
Ұзақтау екен шын гүлден

Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған

Ол қызға берер антым да дайын
Сағына білдім әр тәулік
Алты құрлыққа атыңды айтайын
Алфавиттегі алты әріп
 
Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған

Ештеңе етпес кідіріп кетсе
Уақытың ұзақ көршіңнен
Естелік үшін бір гүлін берсе
Ажалдың өзі кешірер
 
Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған
Тоқтар Серіков, Токтар Сериков, Көршінің қызы (жаңа нұсқа), Коршинин кызы (жана нуска) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

06 Наурыз 2016

19700825kz74

GM

Сөзін қосқан

05.03.2016
Бейнеклип
Тоқтар Серіков
Көршінің қызы (жаңа нұсқа)