Тоқтар Серіков ft. Досымжан Таңатаров ft. Саят Медеуов Илигай сөзі, mp3 жүктеу, тыңдау

Бөлісу:




Сөзі



Жетелеп бізді арманға,
Қанатты көңіл талған ба?!
«Бозторғай» үміт шырылдап,
«Көк шолағына» салғанда.
Жас жүрегім лүпілдеп,
Жорғаладық бүлкілдеп,
«Көк шолағыма» салғанда.
 
Асығып алыс арманға,
Жұлдыздай болып жанғанда.
«Көршінің қызын» ғашық қып,
«Көк өрігіме» салғанда.
Ай да билеп аспанда,
Жерге нұрын шашқанда,
«Көк өрігіме» салғанда.
 
Арғымақ жүйрік арманға,
Жете алмай қалған жан бар ма?!
Ақ туым қанат қағатын,
«Құралайыма» салғанда.
Жандыр дедім бағымды,
Нұрландырды таңымды,
«Құралайыма» салғанда.
 
Аттанып бірге арманға,
Шашу ғып әнді бар маңға.
Еркелеп жүрсек арман жоқ,
Қалың ел қара орманға,
Мұндай байтақ жер барда,
Мұндай дархан ел барда,
Арманда достар, арманда.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

06.01.2016
Бейнеклип
Тоқтар Серіков ft. Досымжан Таңатаров ft. Саят Медеуов
Илигай


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz