Біз қазақпыз сөзі

Тоқтар Серіков

2017

5
0

Бөлісу:



Біз қазақпыз
Жерұйықта жайлаған
Сол далада мың бір пұт мал айдаған
Біз қазақпыз
Ат үстінде ойнаған
Айтыс терме күймен тойын тойлаған


[Қайырмасы]
Қабақ шытса жауы шайқалған
Қонақ күтсе жаны жайнаған
Уәдесінен таймаған
Сырын жатқа жаймаған
Біз қазақпыз бастан бағы таймаған


Біз қазақпыз
жауға қылыш сермеген
батыр елміз ешбір дұшпан жеңбеген
Біз қазақпыз
Ешкім сөзін бөлмеген
Ақын елміз жалған сөйлеп көрмеген
Ақ батамен ғана өрлеген
Ақ қымызға ғана шөлдеген
Елің дауға бермеген
Жерін жауға бермеген
Біз қазақпыз
Біздей болсың ел деген

[Қайырмасы]
Қабақ шытса жауы шайнаған
Қонақ күтсе жаны жайнаған
Уәдесінен таймаған
Сырын жатқа жаймаған
Біз қазақпыз бастан бағы таймаған
Ақ батамен ғана өрлеген
Ақ қымызға ғана шөлдеген
Елің дауға бермеген
Жерін жауға бермеген
Біз қазақпыз
Біздей болсың ел деген
Тоқтар Серіков, Токтар Сериков, Біз қазақпыз, Биз казакпыз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

04.01.2017
Қолданушылар