Айналдым (Жаңа нұсқа) сөзі

Тоқтар Серіков

2017

15
2

Бөлісу:



Күнәсіз қарап, кірпік қағатын,
Күмістей нұрын бүркіп қалатын
Еліктей кейде үркіп қалатын
Көзіңнен айналдым
Еліктей кейде үркіп қалатын
Көзіңнен айналдым

Кәусардай шөлім қанбай қалатын
Естіген жандар таңдай қағатын
Ерніңнен еріп балдай таматын
Сөзіңнен айналдым!!!
Ерніңнен еріп балдай таматын
Сөзіңнен айналдым!!!

Күрсініп кейде күлімдеп іштей
Сездірген сырын күбірлеп іштен
Албырап піскен шырын жемістей
Өзіңнен айналдым
Албырап піскен шырын жемістей
Өзіңнен айналдым

Тоқтар Серіков, Токтар Сериков, Айналдым (Жаңа нұсқа), Айналдым (Жана нуска) mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Алма Алмагамбетова

Сөзін түзеткен

26.11.2017
Қолданушылар