Темірәлі Бақтыгереев Кешір мені сөзі

Бөлісу:


Сөзі



Өзіңсіз жүре алмайды екенмін-ау!
Көңілден кез болар ма, кетер қырау?
Алдыңда кінәлімін, кінәлімін,
Не керек өкінішпен бекер жылау!


[Қайырмасы]
Өзіңсің есімдегі,
Қинайсың несін мені.
Өзіңсіз көңіл - қырау,
Өзіңсіз өмір - қырау,
Сүйіктім, кешір мені, кешір мені.

Жанымды өкініштен жараладым,
Сен бірақ сезінбедің, қарамадың.
Түсініп тұрсың ғой сен, қимасым-ау,
Жазылмас жүрегімде нала барын.


[Қайырмасы]
Өзіңсің есімдегі,
Қинайсың несін мені.
Өзіңсіз көңіл - қырау,
Өзіңсіз өмір - қырау,
Сүйіктім, кешір мені, кешір мені.

Сені де толғандырды мынау қайғы,
Тіл қатшы тым болмаса кінәм жайлы!
Басқа жан дәл өзіңдей ұға алмайды,
Кешірмей сүйген адам тұра алмайды.


[Қайырмасы]
Өзіңсің есімдегі,
Қинайсың несін мені.
Өзіңсіз көңіл - қырау,
Өзіңсіз өмір - қырау,
Сүйіктім, кешір мені, кешір мені.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

09.04.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz