Сұңқардаймын сонарда тұмшаланған
Жылдар жеңіп бүгінде баяуладым
Айналамда көбейді сыншыл адам
Қайырмасы
Қалғаным жоқ өмірден құр алақан
Дәрежем жоқ біреуден сұрап алған
Кешіргейсің, ағайын, дос-жолдастарым
Кезім болса көңілден шыға алмаған
Жүгірмеймін асығып бұрынғыдай
Күндерімде кейде бұлай кейде бұлай
Уақыт қуып артымнан келе жатыр
Алға итеріп кейінге бұрылғызбай
Қайырмасы
Қалғаным жоқ өмірден құр алақан
Дәрежем жоқ біреуден сұрап алған
Кешіргейсің, ағайын, дос-жолдастарым
Кезім болса көңілден шыға алмаған
Тамара Асар, Тамара Асар, Көңіл толқуы, Конил толкуы mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Shinargul Bisembieva
Алла тағалам тіл көзден сақтасын. Алға Қуандық Рахым