Мен саған жетемін сөзі

Тамара Асар

2017

1
0

Бөлісу:



Кездескен маған тосып
Сыр айтам саған досым
Өмірдің заңы қалағанындай болғанын көрдім
Түсімде бақыт құсын
Аялап жүрмін түсін
Ақ қауырсыны алақаныма қонғанын көрдім


[Қайырмасы]
Асқақ арман қол созған сайын алыстамашы,
Аспандағы құстардан, жаным, қалыс қалмашы...
Шырқап салған әніме ұйып, әуелеп биік,
Жайнап, жадырап, көңіл көкке самғашы...

Оянып дала ән салғанда
Оянып қалам нұр жауғанда
Ағаштар гүлдеп бүр жарғанда
Мен саған жетем
Сағыныш сезім баурағанда
Жүрегім от боп лаулағанда
Сан жолдың бірін тандағанды
Мен саған жетем


Найзағай болып көктем
Жаңбыр боп жаусам сөкпе
Шуағын шашар күндерім алда
Аялап өтер
Болсада назым өкпе
Қиялым көңіл көкте
Шын сүйдім сазын әуелеп әнін
Мен саған жетем


[Қайырмасы]
Асқақ арман қол созған сайын алыстамашы,
Аспандағы құстардан, жаным, қалыс қалмашы...
Шырқап салған әніме ұйып, әуелеп биік,
Жайнап, жадырап, көңіл көкке самғашы...

Оянып дала ән салғанда
Оянып қалам нұр жауғанда
Ағаштар гүлдеп бүр жарғанда
Мен саған жетем
Сағыныш сезім баурағанда
Жүрегім от боп лаулағанда
Сан жолдың бірін тандағанды
Мен саған жетем

Сағыныш сезім баурағанда
Жүрегім от боп лаулағанда
Сан жолдың бірін тандағанды
Мен саған жетем
Тамара Асар, Тамара Асар, Мен саған жетемін, Мен саган жетемин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

30.12.2016
Қолданушылар