Қимаймын сөзі

Тамара Асар

Қимаймын

4
0

Бөлісу:



Өмірдегі бал кештерді,
Салтанат сәнін кешкен күн.
Кездесулер мен қоштасу,
Сырлайды тынбай не істермін?!
 
Сағынып жақсы жандарды,
Кездесу, неткен, бір бақыт?!
Қоштасар сәтте қия алмай,
Жанардың жасын құрғатып.
 
Қайырмасы:
Атқан таңдарым менің,
Батқан күндерім менің -
Алыстап бара жатқан,
Қимаймын, қимаймын...
 
Қара көздерің сенің,
Дара кездерім менің.
Бала кездерімді мен
Қимаймын...

Кездесу қымбат құмартып,
Сағыныш толы сезіммен.
Қоштасу жанға мұң артып,
Қаларсың өзің-өзіңмен.

Бабалар айтқан бас қосу,
Өмірдің құны - бір күш деп.
Кездесулер мен қоштасу,
Болмаса, бәлкім, білмес пе ем?!
 
Қайырмасы:
Атқан таңдарым менің,
Батқан күндерім менің -
Алыстап бара жатқан,
Қимаймын, қимаймын...
 
Қара көздерің сенің,
Дара кездерім менің.
Бала кездерімді мен
Қимаймын...
Тамара Асар, Тамара Асар, Қимаймын, Кимаймын mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

07.12.2015