Талғат Сатыбалды Сүйіктіме хат сөзі

Сүйіктіме хат Талғат Сатыбалды

Сүйіктіме хат

0
0

Бөлісу:


Сөзі



 Салдарынан сенсіз өткен әр айдың,
Жанарыма жиылды ғой талай мұң.
Жүрегіме жазып қойып атыңды,
Өзің жаққа үмітпенен қараймын.
Сенсіз жерде сағыныштан сарғайып,
Сенсіз жерде қайғы-мұңнан қарайдым.
Өтсін күндер, өтсін айлар, бәрібір,
Мен өзіңді бақытыма балаймын.
Және мәңгі жүрегіме тұрақтап,
Сен жанымда болғаныңды қалаймын!?

Болсам деймін сенің мәңгі жаныңда,
Өзіңменен өткен күндер жадымда.
Әлі есімде алғашқы рет көктемде,
Көріп сені ғашық болған шағым да...
Содан бері көрудеміз көктемнің,
Шуағы мен ақпанның ақ қарын да...
Сеніменен бірге көргім келеді,
Келер күннің арайланған таңын да.
Мен сенімен бақыттымын, бақ құсым,
Тек айналып кете көрме сағымға.

Жалғыздықтан асқан сірә бар ма мұң!?
Армандарым өзіңменен, ардағым!
Біле білсең, қай жерде де, қай кезде,
Тек сен болсаң, менің әркез зор бағым!
Кеше түнде соның бәрін түсініп,
Саған жаздым осынау жыр жолдарын.
Сүйемін ғой, мен өзіңді сүйемін,
Тілегім сол, тек қасымда бол, жаным!
Бақыт құсы бола білсең қолыма,
Мен боламын мәңгі сенің қорғаның!



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

27.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz