Күлімдейді күміс күн де сөзі

Тайыр Жароков

0
0

Бөлісу:


Октябрь, еңбекші елге атқан таңсың,
Ардақтап, сүйіп-құшып тапқан таңсың,
Қай сағат, қай минутта кездесем деп,
Жалшы үшін жарығыңды жаққан таңсың.

Жайнаған жарығыңнан сәуле шаштың,
Сәулеңмен қараңғылық кілтін аштың,
Өмірге күн келбетті сен келгенде,
Шарықтап, шаттанғаннан шалқымас кім

Октябрь онға толды күшін жиып,
Халқына ту ұстатты құлшындырып,
Мәз-майрам адам түгіл, мерекеде
Құстар да алақайлап ұшты биік.
Жердегі нұрлы өмірге көк таңғалды,
Күлімдеп күміс күн де басын иіп.
Тайыр Жароков, Тайыр Жароков, Күлімдейді күміс күн де, Кулимдейди кумис кун де сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016