Сағынамын сөзі

Сырым Исабаев

Сағынамын

0
0

Бөлісу:


Көрмегенмін сен деген күндерді санап, 
Келер ме деп елеңдеп жолыңа қарап, 
Сарғаямын әрдайым сағына ойлап, 
Өзіңсіз бір таба алмай жаныма тағат 
Жолыңа қарап, сағына ойлап.. 
 
 Қайырмасы: 
 Жүрегім жаралама, жаралама, жаралама жалынам, 
 Сүйемін сені ғана ,сені ғана, сені ғана сағынам. 
 Заңына жазылмаған адал аппақ махаббаттың бағынан 
 Жаным-ау бағымдайсың,сағымдайсың, табылғайсың жанымнан. 
 Кел жаныма, қон қолыма, барымды берем, мен жолыңа 
 
 Кешегі бал күндердің есте елесі, 
 Сол күндерім мөлдірім текке демеші, 
 Мүлт кеткем сыр шерткенде өзіңе жаным, 
 Өтінемін,өтінемін өкпелемеші.. 
 Текке демеші, өкпелемеші..

Сырым Исабаев, Сырым Исабаев, Сағынамын, Сагынамын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Гулбану Ахметова

10 Желтоқсан 2016

Тыңдау

GM

Сөзін қосқан

18.10.2015
Бейнеклип
Сырым Исабаев
Сағынамын