Зырлап кетіп барады сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жұлдыздар ұйықтап таң алды,
Табиғат — ана мүлгіген.
Құшақтап байтақ даланы
Қарсы алдым шыққан күнді мен.
Дүние көзі дөңгелеп,
Көтерілді жоғары.
Аспанда алтын әңгелек,
Зырлап кетіп барады.
Бұйра, бұйра бұлттардан,
Бара жатыр ол озып.
Сәулетіне сұқтанған,
Жер қарайды қол созып.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Зырлап кетіп барады, Зырлап кетип барады сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016