Зығыр сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жаңа жауған жаңбырдың суын кешіп,
Үй алдында тұр бұйра зығыр өсіп.
Тербеп өтсе Балтықтың тұзды желі,
Теңселеді дамылсыз күбірлесіп.
Сол үндерден құпия күбірлеген
Жүрегімде құпия жүгірді өлең.
Ойладым мен сол үйде келе ме деп,
Бір қыз өсіп жарысып зығырменен.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Зығыр, Зыгыр сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016