Жылқышы қыз сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жүрсің түзде жылқыға еріп,
Құрық алып түспен аттан.
Болды көзің ұйқы жеңіп,
Тамағыңды ішпей жатқан.
Қатал боран демі қарып,
Мұз қатырды кірпігіңе.
Тірілей қар сені жауып,
Көміп кетті шың түбіне.
— Оралам деп ойлағам жоқ
Тылсым күштен тірі қайтып...
Сол жайыңды ойнаған боп,
Тұрсың енді күліп айтып.
Ел мақтамас текке сені
Бірі тұтып ер баланың,—
Сен болмасаң жетпес еді,
Бір жұлдызы кең даланың.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жылқышы қыз, Жылкышы кыз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016