Жылады аспан күз күні сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап.
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
Көктемде күтті сар дала,
Бидайымен сағынып.
Қоршаған бұлттар айнала,
Құйғытып өтті ағылып.
Жаңбырдың бұлты келер деп,
Жаз айында күтті оны.
Төнеді бұлттар төмендеп,
Жұмыста жүрсе жұрт қолы.
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап,
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жылады аспан күз күні, Жылады аспан куз куни сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016