Жыл жұлдызы сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алыс жолдан келіп қалса достымыз,
Жаңа жылда көтереміз тосты біз.
Егіз болмай биыл енді жүз болсын,
Өткен жылғы көтерілген қос жұлдыз.
Айға барып дастарқанды жаялық,
Жұлдыз атқан шараптарды қоялық.
Шақыралық күнді күміс табаққа.
Келер өзі ұйқысынан оянып.
Мүмкін өзі қоя жатар айға сын,
Күн шіркіннің көңілі де қалмасын.
Соның үшін ұшыралық аспанға,
Алтын Күннің айнымайтын жолдасын
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жыл жұлдызы, Жыл жулдызы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016