Жүзім сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жұлдыздардай тізілген
Жүзінде таң қызылы.
Сабағынан үзілген,
Оңтүстіктің жүзімі.
Өскен жазда дән алып,
Желге, күнге тотықпай.
Қалған қатар қадалып,
Алқадағы ақықтай.
Ойлап тұрсаң күз бар ма,
Оңтүстіктің күзіндей.
Онда өскен қыздар да,
Албыраған жүзімдей.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жүзім, Жузим сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016