Жұлын көк сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Толқынды сұлу жалы бар,
Желден жүйрік жұлын көк
Жайылып жүр жануар,
Көк шалғынды жұлып жеп.
Кекілін өрген айырып,
Мүшесі сұлу киіктен.
Қос құлағын қайырып,
Секіретіндей биіктен.
Сарыарқаны сайранда,
Жайыла бер, жұлын көк.
Тачанкада майданда,
Сендей өрен құлын көп.
1943
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жұлын көк, Жулын кок сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016