Жұлдыздар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бекер жұлдыз көп деген,
Аңыздар ерте кездегі.
Қарайды мың сан отпенен,
Даланың күлімкөздері.
Дірілдеткен күз лебі,
Салқынкөл сары жапырақ.
Жұлдызбен ойнап түздегі,
Жүзеді түнде жарқырап.
Жылжиды кешіп далада,
Жұлдыздарда жоқ ерік.
Кім білсін оны бара ма
Миллион қолдар көтеріп.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жұлдыздар, Жулдыздар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016