Жұлдыз гүл сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Араладым ауланы
Келмеген соң күндіз жыр.
Көңілімді аулады,
Көзді тартып жұлдыз гүл.
Бес тармақты қызыл гүл
Қызыл жұлдыз кәдімгі.
Құпия сыр қызық бұл,
Тербеп өтті жанымды.
Көктем өрнек салыпты,
Еңбек етіп күн ұзын.
Жер төсіне тағыпты
Гүлден қызыл жұздызын.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жұлдыз гүл, Жулдыз гул сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016