Жұлдыз сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Аясынан аспанның
Неге, жұлдыз, ағасың?
Жүрегі ме ең жас жанның,
Қайда кетіп барасың?
Зурә сұлу сен болсаң,
Жымыңдамай жерге түс.
Күміс қанат құс болсаң,
Суылдамай көлге түс.
Болсаң үміт қазығы
Орыныңда тұр ақпай.
Қара түннің үстінде
Жан алаулап шырақтай.
Кешкенімде соғыстың
Аласапыран дүлейін,
Сен жарқырат жол үстін
Саған қарап жүрейін.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жұлдыз, Жулдыз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016