Жорық жылдың хаттары сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жорық жылдың хаттары —
Жалап өткен оқ үстін.
Қанды майдан ақпары,
Шежіресі соғыстың.
Алаулардың түтіні,
Қарлығашы үміттің.
Жүрегінің лүпілі
Жарын сүйген жігіттің.
Жорық жылдың хаттары —
Қақаған қыс бораны,
Ормандардың батпағы,
Ұзақ жолдар торабы.
Қаптап алда жатыр хат —
Достарымның сезімі.
Бояуы жоқ ақиқат,
Соғыстың бұл өз үні.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жорық жылдың хаттары, Жорык жылдын хаттары сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016