Жібек сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ленинабад жібегін
Жапырлап жатыр жұрт көріп.
Толқиды таңдай реңі
Күрең гүл қызыл бұлт болып.
Жарайды ол нендей жолыңа
Ұялтпас сені не керек.
Уыстап алып қолыңа
Ұшырсаң ол бір көбелек.
Шебер қыз күліп тұр өзі,
Қызарып көздер отынан.
Биязы екен мінезі
Жібектей өзі тоқыған.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жібек, Жибек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016