Желді кезең сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қойшының қоңыр әні қой қайырған
Ұшқанда жазғы ауылдың жайлауынан,
Еседі әнмен бірге ерке желдер
Желпініп Желдікезең қойнауынан.
Жарылған аппақ гүлдер қауызынан,
Тамаша айнымайды тау қызынан.
Перзентін сұлулықтың толғатқанда,
Түскендей табиғаттың ауызынан.
Ауаң бар ауру жанды сауықтырған,
Алатау, бір өлеңсің ағып тұрған.
Мен қостым сол жырыңа бір шыңыңды,
Сыртыңнан қарауылдап бағып тұрған.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Желді кезең, Желди кезен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016