Жауыздық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Кішкентай ғана көгершін
Далада жатыр далиып.
Қара дақ етіп кеудесін,
Қалыпты қою қан ұйып.
Жұртта қалған кемпірге,
Болатын жалғыз ермек сол.
Жазықсыз құсты өлтірген,
Қатыгез неміс — жендет қол.
О, жауыз, неткен қатал ең,
Не жазды бұл құс сен үшін.
Қолыма түссең атар ем,
Сұрамай соттан келісім.
Япыр-ай, қайта ұшпай ма,
Өмірге еді бұл ынтық.
Дариға, менде күш қайда
Жіберер қайта тірілтіп?!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жауыздық, Жауыздык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016