Жауар күн жақын сияқты сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жел сайрандап далада,
Үрлейді құмда қияқты.
Жас иіс бар ауада,
Жауар күн жақын сияқты.
Биіктен бұлттар тізіле,
Құлдырап төмен құлапты.
Жалын бар көктің жүзінде,
Жауар күн жақын сияқты.
Қағазға ақын төнеді,
Көңілден көлдей күй ақты.
Өлеңнің бұлты келеді,
Жауар жыр жақын сияқты.
1957
* * *
Түсті жерге ақ моншақтар,
Үзіліп бұлт қанатынан.
Жауқазындар, сарғалдақтар,
Жас баладай жаңа туған.
Айналып жас гүл әлемді,
Көңіл көкте жүр кептердей.
Аспанда алтын легенді,
Әлдекімдер сүйреткендей.
1957
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жауар күн жақын сияқты, Жауар кун жакын сиякты сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016