Жасыл орман сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жазғытұры күн-түн қатып,
Колхозды елім еккен қолдан.
Жапырағыңды судырлатып,
Жайқал, жайқал жасыл орман.
Қөктің жүзін бұлттар орап,
Күзде кетіп, келді қыста.
Күрең тартып тұрсын қарап,
Күзетшідей күншығыста.
Бойын өрлей Тоғызақтың,
Биіктеген берік қорған.
Алдын тосып аңызақтың,
Жайқал, жайқал жасыл орман.
1949
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жасыл орман, Жасыл орман сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016