Жарқырайды түнде оттар сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жусап жатқан шоқыдан
Жарқырайды түнде оттар.
Күндізгідей жақыннан
Көрінеді курорттар.
Қасында шың жалаңаш
Қоңсы қонған көкпенен.
Бауыры жас алма ағаш
Балаусадай көктеген.
Соғады бір таудан леп,
Желпінеді жаның жас.
Сен сұраған қайда, деп
Сонда жатыр қарындас.
1952
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жарқырайды түнде оттар, Жаркырайды тунде оттар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

назым

31 Тамыз 2016

керемет

GM

Сөзін қосқан

26.08.2016