Жаңғырық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Шуылдаған бұлақтардың
Жаңғырығы бар менде.
Шайған дала қыраттарын
Жаңбыр үні бар менде.
Жалын шашқан жанартаудың
Жаңғырығы бар менде.
Сары алтындай Сарыарқаның
Таңғы нұры бар менде.
Көңілімнен күй үзбеймін,
Жырлау үшін мәңгілік.
Табиғаттан сый іздеймін,
Тұру үшін жаңғырып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жаңғырық, Жангырык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016