Жаңбырлы көзі жасаурап... сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қап-қара бұлттар егіліп,
Көздерден тамшы төгіліп,
Жай түскен қара емендей
Қабырғам кетті сөгіліп.
Көкірегіме орнаған,
Жоғалды қайда жарық күн.
Қап-қара бұлттар торлаған
Қасіреті ме халықтың?!
Өзіңсіз, Сәбе, елпілдеп,
Сырға да қалай барармын.
Көзімнің жасы мөлтілдеп,
Қырға да қалай барармын.
Тұрмын осы кез үнсіз,
Кеудеге қайғы-қақ тұрды.
Көрермін қалай өзіңсіз
Ақкөлден ұшқан аққуды.
Қараймын тұнып алды артқа,
Тебіренген бұлақ, тас аунап.
Жүзеді бұлттар жан-жақта
Жаңбырлы көзі жасаурап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жаңбырлы көзі жасаурап..., Жанбырлы кози жасаурап... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016