Жаңбырдан соңғы кеш сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жаңбыр өтті жүгіріп,
Орнында бірақ қалды бұлт.
Теректер шашын жуынып,
Шулайды бұлақ жарды ұрып.
Қоңырайған тау түсі,
Өкпелеген адамдай.
Келсе де бұлттың жауғысы,
Тұр енді қайта жауа алмай.
Айтатын оған сөз мынау:
Жанатын болсаң бір-ақ жан,
Жауатын болсаң бір-ақ жау,
Дүниеде осы бір-ақ заң.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жаңбырдан соңғы кеш, Жанбырдан сонгы кеш сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016