Жалы биік жақсы аға сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Кенжебай Исинге)
Жел-боранды көп көрдің,
Торыайғырдың көліндей.
Көп керуенді өткердің
Жасыбайдың өріндей,
Шаңқай түсің жылысын,
Тақалса да екінді.
Дауылменен туысып,
Тұрсың емен секілді.
Саусақтарың темірдей,
Ақбеттей ақ көңілің,
Шашың қара көмірдей,
Алпыста дер сені кім.
Ақсақалға ағасың,
Болсаң да өзің сақалсыз.
Баяғы бір данасың,
Сөйлемейсің мақалсыз.
Әркім алар саралап,
Алуан гүл бар бақшада.
Болып тұр сау-саламат,
Жалы биік жақсы аға.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Жалы биік жақсы аға, Жалы биик жаксы ага сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016