Выборгтың қоңыр кеші сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бұлттар ағады,
Секілді өмір көші,
Теңізде жүзіп барады
Выборгтың қоңыр кеші.
Төбемде аспан тұр
Құйылған қорғасындай.
Кемерде тастар тұр
Қарауылдағы қолбасыдай.
Ұшады толқындар қанатынан,
Ала көбік, ала тұман,
Қоңыр кеште қоңыр желдер еседі,
Теңіз демінен жаратылған.
Ақ үрпек балапандай ай туады,
Шағала мен жаңа әндер айтылады.
Шағала бір шыңдай биік
Ақ жанды ізет құсы,
Жырын оның құмартып тыңдайды ұйып,
Выборг – Балтық теңіз күзетшісі.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Выборгтың қоңыр кеші, Выборгтын коныр кеши сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016