Волхов гэс-і немесе генералдың сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


АҚ ШАШЫ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Вокзал алаңынан өтіп алды,
ГЭС-ке жау сегіз жүздей метр қалды.
Анталап алдағы бір көпірді алды,
Енді жау ГЭС-ке төрт жүз метр қалды.
Фашистер ГЭС-ке орнатпақ ақшамда ту,
Шешімді керек енді шапшаңдату.
Волховтың ГЭС-ін жауға қалдырғанша,
Дұрыс болар мина қойып аспанға ату.
Жоқ, генерал бұл ойдан берді тайқып,
Жоқ, геиерал бұл ойға келді қайтып.
Жоқ, генерал бұл ойдан безді мүдде,
ГЭС-ті берсе көреді елді қайтіп.
Осы ГЭС от асуы жолда тұрған,
Лениннің өз кезінде орнатылған.
«Бұл ГЭС-ті бұза алмаймын өз қолымнан,
Соғамын соңғы қамал солдатымнан».
Осы оймен тұрды ол жаудың бөгеп алдын,
Атылды өзін ГЭС-ке теңеп әркім.
Сол сәтте маңдайына әжім түсіп,
Сол сәтте шашы ағарды генералдың.
Сол сәтте өзен өксіп жылағандай,
Сол сәтте аспан жерге құлағандай,
Сол сәтте көк ормандар тұра қалды
Қанды өртте жанып жатқан тірі адамдай.
Жасындай ойнаған бұлтқойынында
Сол сәтте жүгірді оның ойы мыңға
Өзге емес, өзгелердің балапандай,
Тағдыры тұрды асылып мойынында.
Ант берді ол тоқтамасқа жеңбей жауды,
Волховтан талай солдат келмей қалды,
Бірақ та солдаттардың жанарындай
Волховтың миллион көзі сөнбей қалды.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Волхов гэс-і немесе генералдың, Волхов гэс-и немесе генералдын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016