Вагонда сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Тарта берді бізбенен
Жеңіл ұшып жел еріп.
Құшақ жайды түз деген,
Көгалдары көгеріп.
Жұмсақ вагон келеді,
Жол үстінде шайқалмай.
Қайда жүрсек төнеді,
Терезеден ай қалмай.
Көктен сайлап қонысын,
Көтерілген қос жұлдыз.
Көк вагонда сол үшін
Көтереді тосты қыз.
Жұлдызды айтып құралпы
Тастағандай құрығын.
Кім біледі қуақы
Қыз баланың қылығын?
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Вагонда, Вагонда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

03.09.2016