Ұшып келем сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Ұшып келем қанатпенен ел берген,
Қыран таулар, құлан дала, белдерден.
Алабүйрек, ақ таңдақты жерлерден,
Шулы теңіз, бота көзді көлдерден.
Бір кішкентай торғайы боп көгімнің,
Ұшып келем аспанында елімнің.
Бабам айтқан бақыт құсы секілді,
Ұшып келем асқарында өмірдің.
Жел еседі делебесі қозғандай,
Бұлт бетіне бір өлеңді жазғандай,
Келіншек тау көк орманын көтеріп,
Көрінеді маған қолын созғандай.
Шығуына шексіз-шетсіз егіннің.
Мол болғаны қандай жақсы жеріңнің.
Ұша берсең ұшы-қиыры көрінбес,
Кең болғаны қандай жақсы көгіңнің.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ұшып келем, Ушып келем сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016