Ұшқыштың өлімі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Өмір шіркін жалт беріп қас қағымда,
Жанды ол лаулап Польшаның аспанында
Қоштасуға ақтық оқ атылмады,
Қойылмады тәні оның жас қабырға.
Өмір-өлім жекпе-жек таласында,
Жер мен көктің жоқ болды ол арасында.
Соңғы жасы құйылмай қалды тұнып,
Дөңгеленген көзінің шарасында.
Жалын өртеп жас жанын тілге келмей,
Болды ол қолын соңғы рет сермегендей,
Көк жүзінен жұлдыздай кетті ағып,
Шіркін жерде туған соң жерде өлмей.
Алда көрер қызығы, тамашасы —
Жиырма жас не, жиырма жас —
бала жасы.
Көкке қарап телміріп қала берді,
Бір қара көз жайылып қара шашы.
Снарядтай от шашып күн зыр қағып,
Жапты аспанды қарақшы түн ұрланып.
Жүрегіндей өртенген жас батырдың,
Жарық жұлдыз биікте тұрды жанып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ұшқыштың өлімі, Ушкыштын олими сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016