Үңгір сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көп пе, аз ба бәрі бір,
Бұл үңгірде жатты адам.
Табанының табы тұр,
Алғаш кіріп аттаған.
Кіргізді оны кім бастап,
Осы үңгірдің астына.
Күркіреген күн жасқап,
Әлде аңдардан қашты ма?
Адам ата кім білген,
Жүрді қандай күйге еніп.
Шыққан болар үңгірден,
Үй салуды үйреніп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Үңгір, Унгир сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016