Ұлыма сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


(Бейбітке)
Ақын көңіл өзендей есіп, тасып,
Қойдым үйге серіппелі бесікті асып.
— Төр алдында орыным дайын ба,— деп,
Жас Мәуленов келеді есікті ашып.
Бар мінезім қалайша ауды бұған,
Дәл өзімнен даусы да айнымаған.
Қызғанбашы, жас ана қызғанбашы,
Көздерінде көзің тұр жаудыраған.
1953
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ұлыма, Улыма сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

28 Тамыз 2016

Өте жақсы маған ұнады

GM

Сөзін қосқан

26.08.2016