Ұлы жолда сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Отан үшін өлімге
Белді байлап бас тігіп,
Жапанда жанын тапсырды
Жалындап жанып жас жігіт.
Толқын шашын от шалып,
Ақша беттен нұр кетті.
Жас шағының жазынан
Айрылатын күн жетті.
Қимай байтақ әлемді,
Көктің шолып көлемін.
Жер қойнына кірерде
Айтты ақтық өлеңін.
— Алпыстан асқан анашым
Қабырғасы сөгіліп.
Көре алмай жалғыз баласын
Артымда қалды-ау егіліп.
Деді де өксіп жас жігіт
Талықсып кетті есі ауып,
Алмадай бетін бүркеді
Шапағымен кеш жауып.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ұлы жолда, Улы жолда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016