Украина түні сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Хакімжан!
Ақынжан!
Есте ме Украина түндері,
Бір кезде Гоголь жырлаған?
Есте ме Украина гүлдері,
Гоголь өз бояуымен сырлаған?
Гоголь Украина түнін жазу үшін,
Сөйлескен сәуленің мың үнімен,
Қарлығаш қанатының дірілімен,
Днепр толқынының гүрілімен.
Керемет Украина түні,
Қиял құшағы жете алмайтын,
Ғажайып Днепр түні
Құстар арғы бетіне өте алмайтын.
Ғажайып Днепр ағысы
Ағатын дос әні боп,
Бұл Гогольдің табысы —
Менің оған қосарым жоқ.
Хакімжан!
Ақынжан!
Сен елеңдейсің әлденеге,
Қарайсың терезеден
Жылт еткен сәулелерге.
Түн мені сиқырлады,
Сұрама басқа менен.
Арудай ұйқыдағы
Украина түні
Төнеді тас төбеден!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Украина түні, Украина туни сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016