Ұйқысыз өткен түнде сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Құшағына ап дауыл.
Тебіренді ой шіркін.
Ертең ерте шабуыл
Үйықтамадық сол бір түн.
Терістіктен жел тұрды,
Таң сарғайып берді сыз.
Жан жадырап желпінді,
Біткендей бір күш белгісіз.
Кезеулі мылтық ұсынып,
Кезең туды кек алар.
Түлектерін ұшырып,
Тұрды қарап генерал.
1942. Волхов майданы
***
Жау оғынан бораған,
Жасырады жер мені.
Айнала оттан ораған,
Жасырады жер мені.
Өмір отын жандырған,
Сол жер үшін жан құрбан!
Ендігі үйім жер менің,
Ашық аспан астында.
Қарсы жүріп келемін,
Қаптаған сел тасқынға.
Жерде менің жеңісім,
Жауға атылам жер үшін!
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ұйқысыз өткен түнде, Уйкысыз откен тунде сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016