Тұтқынның сөзі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Мен еліме оралдым,
Толып жатыр көргенім,
Жаны сірі адаммын,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қара құлып күзетті,
Күн жарығын көрмедім.
Қабырғадан сыз өтті,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қуқыл тартты ақ жүзім,
Ішінде тас бөлменің,
Таусылмапты дәм-тұзым,
Өлмедім мен, өлмедім.
Атымды да ұмыттым,
Болдым иттей қарғылы.
Оты әлсіреп үміттің
Ажал мені аңдыды.
Ниеті ме ақ пейіл,
Көп тілеген анамның,
Өлмедім мен әйтеуір,
Қайта еліме оралдым.
Сонау соғыс күндері,
Салып кетті таңбасын,
Созып келем ілгері,
Сынық өмір жалғасын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Тұтқынның сөзі, Туткыннын сози сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016